Оның айтуынша, апат Шығыс айналма жолда болған.
«Шығыс айналма жолдан Балтабаев көшесіне оңға бұрылған джип жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Ваз-2104» көлігімен қақтығысқан», - дейді ақпарат көзі.
«Салдарынан «Жигулиде» отырған 63 жастағы әйел оқиға болған жерде көз жұмды. Көліктің жүргізушісі мен тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді», - дейді ол.
Алматыда жол апатынан бір адам қаза тауып, тағы екі адам ауыр жарақаттанған
