Алматыда жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі жараланды

Апат Түріксіб ауданында Сейфуллин даңғылында болды. 36 жастағы "КамАЗ" автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өтіп, темірбетон бағанға соғылды. Апат салдарынан жүргізуші оқиға орнында опат болып, жаяу жүргінші мен үш жолаушы, соның ішінде екі бала ауруханаға жатқызылды.