Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 10 ақпанда 1 сағат 15 минутта белгісіз автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кету салдарынан ол жедел жәрдем көлігі оқиға орнына келгенше көз жұмды.
Сонымен бірге, 9 ақпанда 1 сағат 44 минутта "Ауди" көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кету салдарынан ол жедел жәрдем көлігі келгенше көз жұмды.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 9 ақпанда 23 сағатта "Субару", "Ауди" және "Ниссан" автокөліктері соқтығысты. Апат салдарынан 5 адам зардап шегіп ауруханаға жатқызылды. Олардың төртеуі 1 мен 4 жас аралығындағы балалар.