Апат бүгін, 14-шілдеге қараған түнде, Рысқұлов және Емцов көшелерінің қиылысында болды. "Тойота" автокөлігі "Москвич-2140" автокөлігімен соқтығысу салдарынан бір еркек пен бір әйел мерт болды. "Москвич" автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы ауруханаға жатқызылды.