Алматыда жол апатынан екі әйел қаза тауып, тағы алты адам жараланды

Мекеме ақпаратына сәйкес, апат Түріксіб ауданында Майлин көшесінде 26-қарашада 9 сағат 20 минутта болған. "Мицубиси" автокөлігінің жүргізушісі көлігін басқара алмай, №4 емхананың алдында автобус аялдамасында тұрған адамдарды қағып ктеті.

Апат салдарынан екі әйел оқиға орнында мерт болып, тағы алты адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті