Жол апаты Түркісіб ауданында, Сүйінбай даңғылы мен Баянауыл көшелерінің қиылысында болды. "Хонда" автокөлігінің 19-жастағы жүргізушісі көлігінің тізгініне ие бола алмай жол шетіндегі ағашқа соқтығысып қалған. Жол апаты салдарынан жүргізуші, оның жанында отырған 17 жасар қыз бен 22 жастағы екі жігіт түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.