Құтқарушылардың ақпаратына сәйкес, апат жұмаға қараған түні Розыбакиев пен Тимирязев көшелерінің қиылысында болған. ""Мерседес" және "Мицубиси" маркалы екі автокөліктің соқтығысуы салдарынан төрт адам зардап шегіп, №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлайды мекеме. Зардап шеккендердің бәрі де 18 - 19 жас аралығындағы жастар.