Мекеме ақпаратына сәйкес, апат Алмалы ауданында Рысқұлов даңғылы мен Розыбакиев көшелерінің қиылысында 5-қыркүйекте 3 сағат 5 минутта болған. "Ниссан" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды.
Апат салдарынан жүргізуші мен оның екі жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті