Алматыда жол апатынан үш адам мерт болды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 18 шілдеде 6 сағат 42 минутта Гоголь және Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында "ВАЗ 2107" және "Ниссан" көліктері соғысты. "Жол апаты салдарынан үш адам : 45 жастағы "ВАЗ 2107" жүргізушісі, 19 жастағы "Ниссан" жүргізушісі мен "ВАЗ 2107" автокөлігінің жолаушысы қаза тапты. "Ниссан" автокөлігінде отырған, әзірге аты-жөні анықталмаған әйел қалалық №7 клиникалық ауруханасына жатқызылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті