Алматыда жол апатынан зардап шеккен жол полициясы қызметкері әлі есін жиған жоқ

«Оның жағдайы жақсарған жоқ. Ол әлі күнге дейін жан сақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр», - дейді сұхбат беруші.

Бұған дейін хабарланғандай, 1-маусым күні №35 автобус жүргізушісі жол ережесіне өрескел бұзып, Алматы ІІД ЖПБ арнайы батальоны бастығының орынбасары мінген көлікке соқтығысқан болатын. Салдарынан бас сүйегі сынып, миы зақымданған полицейге нейрохирургиялық операция жасалды. Қазір ол жасанды аппараттың көмегімен тыныстап жатыр.
Автобус жүргізушісі тұтқындалып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.