Алматыда жол көлік апаты салдарынан екі адам қаза болды

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша 27 сәуірде 13 сағат 04 минутта "Тойота" көлігінің жүргізушісі жолдан өтпекші болған әйелді қағып өткен. Медициналық жедел жәрдем ауруханасына апара жатқан жолда жарақат алған әйел көз жұмды.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Райымбек даңғылы мен Сейфуллин көшелерінің қиылысқан жерінде 27 сәуірде 20 сағат 20 минутта "Субару" көлігінің жүргізушісі жолаушыны қағып өтіп, ол жедел медициналық көмек қызметі келгенінше оқиға орнында көз жұмды.