Алматыда жол көлік апатынан 3 адам қаза болып, біреуі жарақаттанды

Баспасөз қызметінің деректері бойынша, 6 қарашада Райымбек пен Байзақов көшелерінің қиылысында түнгі 3 сағат 30 минутта "БМВ" автөкөлігі дуалға соқтықты.

Жол көлік апатының салдарынан көлікті жүргізуші жарақат алып, областық ауруханаға жеткізілді.

Жедел медициналық көмек тобы келгенге дейін, көлікте болған 3 жолаушы алған жарақаттардан көз жұмды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті