Алматыда жол көлік апатынан бір адам қаза тапты

ТЖМ мәліметтері бойынша, бүгін таңғы сағат 4.39 минутта "Мазда" жеңіл көлігі "Субару" машинесімен қақтығысқан. "Мазда" жүргізушісі көлігін тастап оқиға орнынан қашып кеткен. Баспасөз қызметі хабарлағанындай, "Субару" көлігінде отырған жолаушылардың біреуі медициналық көмек қызметі келмей жатып көз жұмған.