Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 26 желтоқсанда сағат 03.06 Алматының Бостандық ауданында "Мицубиси" көлігінің жүргізушісі жолдан шығып, дуалға соғылған. Жол көлік апатының салдарынан көлік жүргізушісі «медициналық жедел жәрдем қызметі» келгенінше мерт болды. Ол көліктің ішінде отырған жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Сондай-ақ, Алматының Әуезов ауданында 25 желтоқсанда "ДЭУ" және "Мицубиси Паджеро" автокөліктері соқтығысқан.Апатының салдарынан "ДЭУ" көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
.