Бұл оқиға шамамен 2016 жылдың 25 тамызында Мұқанов көшесінің бойында (Жамбыл мен Шевченко көшелерінің аралығы) болған.
Жол полициясының патрульдік автокөлігі алматылық жүргізушілердің бірінің бейнетіркегішіне түсіп қалған.
Бейнебаянның астына: «Полиция қарсы жолақта жылтылдайтын шамдарын жақпай өтіп бара жатыр. 2016 жылдың 25 тамызы. Борттық нөмірі - 124, мемлекеттік нөмірі - 578 КР 02 полиция машинасының жүргізушісі көлік жүргізу құқынан айрыла ма? Полиция машинасы Мұқанов көшесі бойымен оңтүстік бағытта Жамбыл мен Шевченко көшелерінің аралығында кетіп бара жатты», - деп жазылған.
Алматы қалалық Ішкі істер департаментіндегілер бейнетаспаның Жергілікті полиция қызметіне тапсырылғандығын хабарлады.