Алматыда жол полициясының жалған қызметкері ұсталды

"Новгородская көшесінде "Мерседес - Бенц" көлігінің жанында тұрған жол полициясының қызметкері көзге түскен. Ер адам көліктерді тексеруге тоқтатып тұрған. Оның екі сыбайласы көлікте отырған", -дейді полицияподполковнигі Александр Васильев.

Олардың жол полициясы басқармасына ешбір қатысы жоқтығы анықталды. Сондай-ақ, "Мерседес" көлігін бірнеше күн бұрын әлгі ұсталған үш адам автослесарь болып істейтін шеберханаға жөндеуге қалдырғаны белгілі болды.

Бұл деректер бойынша жиналған материалдар Жетісу аудандық ІІБ-ына тапсырылды.