Caravan Logo

Алматыда жол үстінде төбелескен жүргізушілер жауапқа тартылды (ВИДЕО)

Алматыда жол үстінде төбелескен жүргізушілер жауапқа тартылды (ВИДЕО)


Бейнежазба авторы екі автокөлік жүргізушілерінің арасындағы төбелесті түсіріп алған. Тексеру шаралары кезінде оқиғаның 9 тамыз күні, Жетісу ауданындағы Рысқұлов даңғылында болғаны анықталды.

«Істің анық-қанығына көз жеткізу үшін біздің бөлімшедегі іздестіру бөлімінің қызметкерлері екі автокөлік жүргізушісін Жетісу аудандық ІІБ әкелді. Жолда жүру ережесін бұзғаны үшін оларды ҚР ӘҚБК 597 бабы, 1 бөлімі, яғни көлік құралдарын тоқтату және тоқтап тұру қағидаларын бұзу бойынша жауапқа тартты. Жүргізушілер бір-біріне ешқандай айып тақпайтынын, ары қарай дауласудан бас тартқандарын айтты», - деп хабарладыАлматы қалалық ІІД жергілікті полиция басшысы, полиция подполковнигі Жасұлан Байкенов.