Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, Алматының Бостандық ауданында Әл-Фараби мен Ремизов көшелерінің қиылысында 25-маусымда 13 сағат 20 минутта жол жөндеу жұмыстары кезінде "ДАК-Т" ЖШС-нің 20 жастағы жұмысшысы "Раскат-ДУ-47" катогына өз бетімен отырып алған. Соның салдарынан ол осы ұйымның 21 жастағы жұмысшысын қағып кетті. Жігіт жарақат салдарынан оқиға орнында мерт болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті