Алматыда жол жүру картасын алу тағы дауға ұласты

Бір ғана Түрксіб ауданында 25 мыңға жуық зейнеткер тіркелген екен. Бүгінге дейін солардың тек алты мыңы жол жүру картасына қол жеткізген. Ал қалғандары күн сайын аудандық жұмыспен қамту бөлімінің табалдырығын тоздыруда. Мұнда күніне 300-400 зейнеткер келіп кезекке тұрады. Бірақ оларға бар болғаны төрт маман қызмет көрсетіп жатыр. Сондықтан кезегі келмеген қариялар жол жүру билетінің артынан 2-3 күн жүгіруге мәжбүрміз дейді. Өйткені келесі айдан бастап қаладағы қоғамдық көліктерде жол ақысын қолма-қол төлеуге мүлдем тыйым салынады. 

Любовь Абрамова, зейнеткер:

- Алғашында жол жүру картасы 2016 жылдың басында қолданысқа енгізіледі деген. Сондықтан уақыт бар ғой деп, ауруханаға қаралып жүргенмін. Енді келіп аяқ астынан 1-ші желтоқсанға белгілепті. Бәрін тастап, көзі көрмейтін күйеуімді алып осында келдім.  

Loading...