Алматыда жолақысын төлеу жүйесіне өзгеріс енгізілмек

Тиын-тебеннің орнын орнын мынадай су жаңа пластикалық карталар басқалы отыр. Оны мына сары құрылғыға тигізсеңіз болғаны, жаңылмай жол ақысын өзі санап алады. Алда мұндай автоматтар барлық қоғамдық көліктерге орнатылмақшы. Ал түрлі-түсті төлем карталары кез-келген дүңгіршектерде сатылатын болады. Әзірге мұндай ноу-хау тек Алматыда іске асқалы тұр. Картасы жоқ жолаушылар автобус, трамвай, троллейбустарға аттап баса алмайды. Мұндай тәсіл қоғамдық көліктерде тегін жүріп үйренген тұрғындарды тию үшін ойлап табылған екен.

Владимир Смирнов, «Алматы көлік холдингі» ЖШС директорының орынбасары:

-Бақылаушылардың қолында, міне, мынадай қызыл терминалдар болады. Осы арқылы олар жолаушы жол ақысын төледі ма, жоқ па соны анықтайды. Төлемеген жағдайда айыппұл салынып, тегін жүрген жолаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Loading...