Астана - Алматы рейсінің жолаушысы ұшақтан түсе бергенде есінен танып қалды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kaz.tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 14 қарашада 19:15-те Алматы халықаралық әуежайында болған. Ұшақ Алматы әуежайына қонғанда жас жігіт траптан түсе бергенде есінен танып қалды. Әуекемесінің экипажы алғашқы көмек көрсеткен. Кейінірек оқиға орнына жедел жәрдем келген.