Алматыда жолаушы жүріп бара жатқан автобустан құлап түсті (ВИДЕО)

Қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, 30 қараша күні №86 автобус Сүйінбай көшесімен солтүстікке бағыт алып келе жатқанда «Гелиос» жанармай құю стансасының маңында оның есігінен ер адам құлап түскен. 
«Аталған дерек Жетісу аудандық ІІБ-да тексеріліп жатыр. Жапа шеккен адам ауруханада. Тергеу барысында оқиғаның жай-жапсары анықталады. Жолаушыны біреу автобустан итеріп шығарып жіберуі де мүмкін», - деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.