Алматыда жолдан өтпек болған қызды автобус қағып өлтірді

Алматыда жолдан өтпек болған қызды жолаушылар автобусы қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

– 14 наурызда сағат 12.30 шамасында Розыбакиев көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан №70 бағыттағы автобус Абай көшесінің қиылысында жүргіншіні қағып кетті. Жас қыз бағдаршамның қызыл шамы жанып тұрғанда жолдан өтпек болған. Жүргізуші тоқтап үлгермеді. Жедем жәрдем шақырдық. Толық ақпарат анықталуда, – деп хабарлады АлматыЭлектроТранс.

Жарақат алған жүргінші қаланың орталық клиникалық ауруханасына жеткізілді.