Алматыда жолды жауып намаз оқыған 30-дан аса адам жауапқа тартылды

Бұл туралы Алматы полициясы мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Алматыдағы мешіт алдында жолды жауап намаз оқыған азаматтардың видеосы әлеуметтік желіде тараған еді. 30-аса адам көлік қозғалысын шектеген.

"Құқық бұзғандарға шара қолданылды. 614-бапты бұзған 30-дан астам адам әкімшілік жауапқа тартылды", - делінген хабарламада.

Ер адамдар айыппұл арқалады.

Айта кетейік, жақында бір топ азаматтың жол бойында намаз оқып, көлік жүрісін қиындатқан видеосы әлеуметтік желіде тараған еді. Шулы оқиғаға қоғам наразылық білдіріп, Қазақстан зайырлы мемлекет болудан қалды деп пікір білдірген болатын.