Алматыда жүк көлігі 83 жастағы зейнеткерді қағып кеткен

Қалалық құқық қорғау орындарындағы ақпарат көзінің айтуынша, қайғылы оқиға бейсенбі күні болған. «Беккер и К» компаниясына тиесілі жүк көлігінің жүргізушісі Сәтпаев көшесінен Розыбақиев көшесіне оңға бұрылған кезде зейнеткерді қағып кеткен.

Салдарынан ол оқиға болған жерде көз жұмыпты.