Маусым айының соңында аяғы ауыр келіншекті жетегіндегі баламен қоса көлікпен қағып оқиға орнынан қашып кетпек болған салықшыға қатысты алғашында бірден 3 бап бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Дегенмен Алматы облысы Ұйғыр аудандық салық басқармасын осы шуға дейін басқарған Бақыт Құрмашев жапа шеккен тараппен келісімге келіпті. Сондықтан ол әкімшілік жазамен құтылды. Естеріңізге сала кетсек, апат болған жерден қашып кетуге әрекеттенген Құрмашевті оқиға куәгерлері қақпайлап ұстап алған еді.