Алматыда «Жұлдыз» базарындағы өрт сөндірілді


Өрт сөндіру қызметіне Розыбақиев көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысында орналасқан базарда бірнеше контейнердің өртенуі туралы ақпарат таңғы сағат 6:53-те түскен. 

Жол-патрульдік полициясының экипаждары оқиға орнын қоршауға алып, өрт сөндіру техникасының кедергісіз жетуін қамтамасыз етті. 
Алматы қалалық ІІД ЖБО кезекшісінің мәліметіне сүйенсек, өрт сағат 7:40-та толықтай сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. 
Өрттің шығу себептері анықталу үстінде.