Алматыда «Жұлдыздар аллеясы» ашылды

Естелік тақта Мега сауда орталығының кіреберісіне қойылған. Бес жұлдыз пішінінде жасалған ескерткіштің негізгі сұлбасы Голливудтық үлгіде екен. Мыстан құйылған бұйымның бетіне даңқты атлетіміздің аты-жөні жезбен жазылған. Алаңқайдың ашылу салтанатында Ильин өзінің қос алақанының ізін де қалдырды. Бұл жер енді қазақстандық танымал тұлғалардың есімдерімен толыға бермек.

Loading...