Алматыда жұмыссыз азаматтан соғыс гранатасы мен травматикалық тапанша тәркіленді

Олардың атап көрсетуінше, күдікті сәрсенбі күні кешке Уәлиханов көшесінде ол мінген Mercedes көлігін тоқтатып, ұсталған.

Тергеушілер тінту барысында оның шалбарының қалтасынан РГД-5 шабуылдаушы гранатасын, ал автокөлігінің салонынан 5 бос оғы бар «Байкал» травматикалық тапаншасын тауып, тәркіледі. Азаматтың қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсат құжаттары болған, дейді дереккөздер.

Олардың ақпаратына сәйкес, ұсталған адам қамауға алынды.