Алматыда жұмыссыз қалған жігіт көпірден секіріп өлді


Қайғылы оқиға көлік көп қозғалатын көшелердің бірінде орын алды. Жас жігіт жаяу жүргіншілерге арналған көпірден ағыл-тегіл машина жүріп жатқан жолға секірген. Бес метрлік биіктіктен құлаған жан бірден тіл тартпай кетті. Кейін марқұмның аты-жөні анықталды. Туыстарының айтуынша, жігіт соңғы уақытта еш жерде жұмыс істемей, ішімдікке әуестенген екен. Өз-өзіне қол салуға да осы жайт итермелесе керек.