Алматыда жүргізілген арнайы операцияның себебі анықталды

Алматыда арнайы операция аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматыда жедел-іздестіру шараларында криминалдық сипаттағы мәлімет тексеріліпті. Алайда ол расталмаған. Бұл туралы Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады.


Осыған дейін "Гоголь - Зенков - Мақатаев - Абдуллин" көшелерінің шаршысында ішкі істер органдары жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", - деп хабарлаған еді баспасөз қызметіндегілер.