Алматыда жүргізуші бір жасар баланы қағып өлтірді

ТЖМ мәліметінше, Алматының Әуэзов ауданында (Шаңырақ-2, 63 участок) 3 шілдеде 22 сағат 19 минутта "Тойота" автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Соның салдарынан 1 жас үш ай шамасындағы бала оқиға орнында қаза тапты.