Алматының негізгі күре жолдарының бірі - 9 шақырымдық Абай даңғылының бойына неше күннен бері мынадай жаңа белгілермен сызылып жатыр. Барлығы автобустардың қозғалысын жеңілдету үшін жасалынып жатқан шара. Енді көшенің оң жағындағы жолақпен тек қоғамдық көліктер жүруі тиіс.
Нұрлан Алмасбеков, Алматы қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы:
- Бүгіннен бастап ереже бұзған жүргізушілерді жауапқа тартамыз. 15 күн түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Енді автобус жолында тоқтап тұрған көліктер айып тұрағына әкетіледі.
Жазаға қозғалыс кезінде автобус жолағына өтіп кеткендер де тартылмақ. Айыппұлдың ең төмені 10 мыңнан басталады. Жаңа ережеге әсіресе автобус жүргізушілері қуанып отыр.
-Жол ашық өзімізге, ыңғайлы. Таксишілер болмаса, қалғанының бәрі жақсы
Сондай-ақ, бір жолаққа таңылған қоғамдық көліктер санын азайту үшін Абай даңғылымен жүретін 14 автобус бағыты қысқарған.
Талғат Әбдірахманов, Алматы қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы:
-Тұрғылықты халыққа қазір мысал үшін қоғамдық көлікпен жүру жылдамдық жақсарып жатыр. Бұрын 12-14 км құратын, қазір мысал үшін 18 км-ге дейін жылдамдық көтерілді.
Дегенмен, жол қозғалысына қатысты жаңалық көлік жүргізушілерінің көңілінен шықпай отыр. Бұрынғы кептеліс аздай, қозғалыс енді тіпті қиындай бастады дейді олар.
-Өте ыңғайсыз. Өйткені қазір бұрылайын десем, автобдусты қарауым керек. Кептеліс көп тұрып қаламыз.
Қалай десе де, жүргізушілер үшін жаңа ережеге көндігуге тура келеді. Өйткені бұл уақытша жасалған дүние емес алдын-ала жоспарланған жоба. Егер, Абай даңғылына салынған автобус жолы тиімділігін көрсетіп жатса, дәл осындай жолақтар қаланың өзге ірі көшелерінде пайда болмақ.
Loading...