Алматыда жүргізушілер ең көп сұранысқа ие бензинді таппай көше кезіп жүр

Бұл осымен тамыз айында тіркеліп отырған бензин нарығындағы екінші тапшылық. Алғашқысының соңы өткен аптада АИ 92 құнының 13 теңге қымбаттауымен аяталған еді. Сөйтіп, қазір бекеттерде 128 теңге деген баға бекітілген. Бірақ енді араға бірер күн салып, бензин сатылымы қайта тосылып тұр. Тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, бұл қайта баға өсіміне әкелуді көздеген Үкіметтің кезекті әрекеті болуы мүмкін. Тіпті АИ-92-нің құны 170 теңгеге дейін шарықтайды деген де болжам бар. Яғни қазір еліміздің бензин қорының 40 пайызы Ресейден көтерме бағаның өзімен 120 теңге шамасында жеткізіліп жатыр екен. Сондықтан жеке сатылым құны олардың бағамымен біртіндеп теңестірілмек. Ал «ҚазМұнай Газ» ұлттық компаниясындағылар өткен аптада «бензин тапшылығы енді болмайды» деп сендірген еді. 

- Қашаннан бері жоқ?

- Бір апта болды!

- Құдайға шүкір мемлекет беріп жатыр ғой. Сонда да бағаны кішкене түсірсе болар еді.