Бұл туралы жүргізушілердің бірі Motor.kz порталына жіберген видеожазбасынан белгілі болды.
Оқиға қаланың орталық көшелерінің бірінде - Фурманов көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысында болған. Көше ортасындағы әйел көліктерге кедергі келтіріп, кейін жерге жатып алған. Әрі қарай видеожазба бітеді, соңыра не болғаны белгісіз. Оның мұндай әрекетіне не себеп болғаны да беймәлім қалып отыр.