«КРИС-П» деп аталатын мынадай бақылау қондырғысы Алматыға биыл сәуір айында қойыла бастаған. Бірақ бұлар көз алдыңда көрініп тұратын әдеттегі камералардай емес. Ал полицейлер мынадай қулыққа көшіпті.
-Көліктің артқы терезіне жасырып қойған жерінен ұсталып жатыр
Жол сақшыларының мұндай әсірепысық әрекетіне шыдамаған жүргізушілер арнайы қоғамдық қозғалыс құрып, мәлімдеме жасады. Олар заң бойынша кез-келген бақылау камерасы алдын ала ескертілуі керек дейді.
Тұрсын Құлахметов, «КРИС-П» қондырғысын дұрыс қолдану» қозғалысының жетекшісі:
-Заң бар. Егер бақылау камерасы тұрса, ескерту керек. Бірақ біздің жүргізушілер күн сайын жасырын камераларға кезігіп отыр. Бұлардың ары кетсе, 30 пайызы белгіленген тәртіппен жұмыс істейді. Енді арнайы қозғалыс құрып,аппараттардың жұмысын реттеуге күш саламыз.
Әлі ресми түрде қабылданбаса да жылжымалы радар көлік иелерінің қалтасын біраз жұқартып тастапты. Полицейлер небәрі 10 құрылғымен 7 айда 30 мыңнан астам айыппұл салып, бюджетке миллиард теңге түсірген. Ал жүксалғышқа салып алып, жүргізушілерді сан соқтырып жүрген жасырын құрылғыны Алматыныкі емес дейді жол сақшылары.
Жандос Мұратәлиев, Алматы қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:
-Жәшіктің ішіне тығылып немесе басқа бір көліктің ішіне тығылып жұмыс істеп жатқан жоқ. Ондай фактілерАлматы қаласында анықталған жоқ. Өткенде интернет порталдарда, «уатсапта» жүргендер олардың бәрі біздің аймақ емес, басқаоблыс. Иә, бір көліктің ішінде жүрген аппарат «кордон» деп аталады. Оны біз тестік түрде тексердік. Бірақ, оны біз әлі қабылдаған жоқпыз.
Жалпы, жүргізушілердің сынына қатысты полицейлердің уәжі жеткілікті. Олар әрбір бақылау камерасына ескерту қойылсын деген сөз жол жүру ережесінде жоқ дейді. Сондықтан жүргізушілер үшін «КРИС-П» аппаратымен әлі талай «жасырынбақ ойнауға» тура келеді.
Loading...