Алматыда журналист Бота Жұмановаға шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Аталған оқиғаға қатысы бар деген күдікпен ІІБ мен Алмалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Жаркент қаласының 1993 жылғы тумасын ұстады.

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабына сәйкес күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.  Алматы қалалық ІІД сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Еске сала кетейік, 8 қазан күні белгісіз біреу  журналист Бота Жұмановаға үйінің қасында шабуыл жасап, аяусыз ұрып кеткен. 10 қазан күні бұл оқиға  түсірлген видео ғаламторда пайда болды.