Алматыда жүздеген отбасы жаңа пәтерге ие болды

Жаңа пәтерлер қаланың әр ауданында орналасқан. Мәселен, Алғабас ықшамауданында мемлекеттік бағдарлама аясында салынған тұрғынүйдегі пәтерлердің жалпы көлемі 6 мың шаршы метрді құрайды. Осы жолы алдымен әлеуметтік сала қызметкерлері, мүгедек және жетім балалар, сонымен қатар, көп балалы отбасылар мен интернационалист жауынгерлер үйлі болды. Жаңа баспана иелерінің енді 15 жыл көлемінде жалдау ақысын төлеп, ары қарай жекешелендіріп алуға мүмкіндіктері бар. Мұнда, сонымен қатар, жас отбасылар да қоныс тойын тойламақ.


Байысбаева, медицина қызметкері:

-Мынандай пәтерге кіріп жатқаныма қуаныштымын. Жеті жылдан бері кезекте тұрдым. Бүгін сәті келіп, пәтерге жеттік. Қоныстойға бірінен бастап келе берсеңіздер болады.