Баспасөз қызметінде хабарлағанындай, алқа жиналысына ішкі істер департаменті бөлімшелерінің басшылары, ұлттық қауіпсіздік комитеті, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі департаменті, кедендік бақылау мен шегара қызметінің жетекшілері қатысты.
Кездесу барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері заңсыз есірткі саудасымен айналысатын адамдар туралы ведомстволар арасында шұғыл ақпарат алмасу, өзара ықпалдасу мәселесі талқыланды.
Баспасөз қызметі хабарлағанындай, "Алматы қаласы территориясында есірткі затының заңсыз айналымына тосқауыл қойып, нашақорлықты алдын алудың бірлескен операцияларын жүргізу кезінде тұрғындар арасында есірткіге қарсы үгіт насихатына ерекше көңіл бөлінеді", -деп хабарлады баспасөз қызметінде.
Алматының ІІД есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері 186 келі есірткіні тәркіледі. Оның 171 келесі героин, 7,5 келісі марихуана, алты келіден аса гашиш, 5,95 грам "экстази", 20,06 грамм "амфетамин" болды.