Алматыда жыл басынан бері көліктердің 29 проценті техникалық байқаудан өтті

Қазіргі жағдаймен жеке тұлғаларға тиесілі 48 мың 35 (25,9 процент) , ал заңды тұлғаларға тиесілі 14 мың 155 (50,3%) автокөлік техникалық байқаудан өткізілді.

Осы орайда А.Сарбасов көліктерді техникалық байқаудан өткізу мерзімі 1-қаңтардан 30-қазанға дейін ұзартылғанын еске салды. Ал бұрын техникалық байқау 1-сәуірден 30-қыркүйекке дейін созылатын. Қалада техникалық байқау өткізетін 9 станция жұмыс істейді. Жол полициясы басқармасы бастығы орынбасарының айтуынша, автокөлік қожайындарына қолайлы жағдай тудыруға барлық мүмкіндіктер бағытталуда .
Қазіргі жағдаймен Алматыда 210,3 мың автокөлік тіркелген.