Алматыда жыл басынан бері Қазақстанда болу тәртібін бұзғаны үшін 14,5 мың заңсыз мигрант әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, өткен жарты жыл ішінде жүргізілген ірі жеті шараның барысында Алматы қалалық көші-қон полициясының қызметкерлері шетел азаматтарының республика аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін 14 597 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. "Олардың арасында әлемнің 46 елінен 1656 адам, соның ішінде Түркия, Үндістан, Оңтүстік Корея, Пәкістан, Иран, Ауғанстан, Непал, Палестина, Сирия, Германия, Ұлыбритания, Израиль және Монғолия азаматтары мен ТМД елдерінен 12 941 адам бар", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті