Алматыда жылу энергиясының тарифі төмендейді


Қаланы жылумен жабдықтаушы «Алматы жылу жүйесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін жоспарлы тексеру нәтижесінде осындай шешім қабылданды. Себебі соңғы 3 жылдан бергі мемеке қызметін мемлекеттік қадағалау кезінде бірқатар олқылыққа жол берілгені анықталып отыр. Атап айтқанда, табиғи монополиялар және реттелетін тауар нарығы туралы заң талаптары өрескел бұзылған. Сондықтан серіктестік мемлекеттік бюджетке 10,2 миллион теңге айыппұл төлеп, негізсіз алынған 435 миллион теңге табысын тарифті төмендету арқылы тұтынушыларға қайтарып отыр.