Алматы әкімдігі қалада жылу беру маусымы қашан басталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда әлеуметтік нысандарға жылу 7 қазаннан бастап қосылатыны хабарланды.
"7-11 қазан аралығында Алматыда нысандарды орталық жылытуға кезең кезеңімен қосу басталады. Бірінші кезекте әлеуметтік мекемелерге: балабақшаларға, мектептер мен медициналық мекемелерге жылу қосылады. Маусымға дайындық 99 пайыз болады", - делінген хабарламада.
Әдетте жылыту маусымы 15 қазанда басталады, температура бес күн бойы +8 градусқа дейін төмендеген кезде. Былтыр жылу беру 10 қазанда басталған болатын.