Іс Қылмыстық кодекстің 2-бөлімі 292-ші бабы, яғни өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу және 204-ші бабы – абайсызда өзгенің мүлкін құрту фактісі бойынша қозғалған.
Іспен Алматы ІІД тергеу басқармасы айналысады. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
«Өрт салдарынан қаза тапқан немесе жарақат алғандар жоқ», - дейді полицейлер.
Бұған дейін хабарланғандай, жексенбі күні түнде «АDEM» СО өртке оранған болатын. Тілсіз жау дүйсенбі күні таңертең ауыздықталды. Бастапқы болжамдар бойынша, жалын жалпы 25 мың шаршы метр аумақты шарпыған.
ТЖ департаменті мамандары өртті ауыздықтау барысында онда қауіпсіздік талаптарының сақталмағанын анықтағанын хабарлады. Атап айтсақ, орталықтың өртке қарсы автоматты дабыл жүйесі істен шыққан, сыртта сумен қамту жүйесі жоқ. Оның үстіне, бутиктердің іші жанғыш материалдармен қапталған. Заңсыз сақталған газ баллондар да жағдайды қиындатып, өрт кезінде жарыла бастаған.