ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша, 21 қаңтарда сағат 22.29 "Алатау" тауар базарында аяқ киім сатылатын контейнерлердің бірін өрт шарпыған. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағанындай, өрт көзі сағат 00.15 сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 10 бірлік арнайы техникасы мен 40 адам жұмылдырылды.