Алматыдағы "Алатау" техносаябағы 2005-жылғы жазда ашылады

"Қазіргі таңда "Алатау" техосаябағын басқарушы компания болып табылатын "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ қаржыландыруды талап ететін инновациялық және өндірістік сипаттағы 30 жобаны қарастыруда",- деді Б.Әбдірәфілов. Бұлар бірінші кезекте бағдарламалық қамтамасыздықтарды жасауға бағытталған open sources (ашық көздер) атты жобалар. Ашық көздер атты тегін бағдарламалық қамтамасыздық қарапайым дербес компьютер тұтынушыларына "қарақшылық" сипаттағы көшірменің орнына лицензиялы өнімдерді баламалы түрде пайдалануға мүмкіндік береді.

Бауыржан Әбдірәcіловтың айтуынша, қазақстандық ірі өнім өндірушілер дербес, соның ішінде тасымалдауға арналған компьютерлер өндірісіне негізделген техносаябақты дамыту жобасын қарастыруда. ZyXEL және Cisco Systems компаниялары Алматыда модемдер мен басқа да телекоммуникациялық жабдықтар өндіру туралы ұсыныс түсірді. "Ұялы телефондар өндіру туралы жобалар да бар",- деді Б.Әбдірәфілов. HP, Microsoft, Tales, IBM, Samsung, SUN Miсrosystems сынды компаниялармен бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы меморандумдарға қол қойылды.
"Алатау" техносаябағын құруда "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ-ына кеңесшілік рольді Сингапурдың "Джуронг" компаниясы атқарады, деді Б.Әбдірәcілов. Бұл компания Бангалор мен Қытайдағы бірқатар техносаябақтарды басқарушы кәсіпорын болып табылады. 2005-жылдың наурыз айында "Джуронг" ҚР үкіметіне техносаябақ аумағындағы құрылыстарды салу жөніндегі бас жоспарды таныстырады.