Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында жантүршігерлік жол апаты болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, 19 мамырда кешкі 23:45-те Toyota Grаcia көлігінің 2001 жылы туған жүргізуші әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта жүріп бара жатып рөлге ие бола алмай, бетон жиектасқа соққан.

"Кейін Toyota әл-Фараби даңғылының бойымен батыс бағытта бара жатқан, 1994 жылы туған тұрғынның басқаруындағы Chevrolet маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Әрі қарай Toyota жарнамалық тақтаның металл тірегіне соққан. Осы жол-көлік оқиғасының салдарынан Toyota Grаcia көлігінің 2001 жылы туған жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, көліктегі қалған төрт адам, оның ішінде жүргізуші де әртүрлі дене жарақаттарымен емдеу мекемелеріне жеткізілді", - деді Алматы қалалық ПД анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.


Оның айтуынша, бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.