Алматыдағы "Арасан" моншасындағы жарылыс салдарынан бір адам қаза тауып, бір адам жараланды

Жарылыс туралы ақпарат бүгін, 27-сәуірде 11 сағат 57 минутта құтқару қызметіне келіп түскен. Жарылыс салдарынан кешен қызметкері - 40 жастағы әйел қаза тапты. Денесінің көп бөлігі күйікке шалдыққан тағы бір қызметкер әйел орталық ауруханаға жатқызылды.

Қазір жарылыс орнында Медеу аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің мамандары жұмыс істеп жатыр.