Алматыдағы әскери бөлімшелердің бірінде жауынгер қаза тапты

Департаменттің түсініктемесіне сәйкес, келісім-шартпен әскери борышын өтеп жүрген 23 жастағы сержант бронетранспортерды тасымалдау кезінде қауіпсіздік техникасын бұзу салдарынан мерт болған.

Әскери бөлімшенің штабындағылар оқиға туралы түсініктеме беруден бас тартты.