Алматыдағы «Азат» сауда орталығына қасақана от қойылған болуы мүмкін

Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД тергеу басқармасы бастығы Нариман Ержанов мәлім етті.

«ТЖД зертханасы берген қорытынды орталық қасақана өртелген деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді», - деді ол сәрсенбідегі баспасөз мәслихатында.

Н.Ержановтың айтуынша, сауда үйінің қызметкерлері өрт шықпас бұрын №21 бутикті жалға алушының ғимараттан асығып шығып кеткенін көрген.

Қазір полицейлер одан жауап алып жатыр.


Сонымен қатар, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр.